Жоқ! Махаббат – гүл емес, жанның күйі

Жоқ! Махаббат – гүл емес, жанның күйі,
Табиғаттың адамға тартқан сыйы,
Кеуде бейне күй сандық, білсең ойна,
Оның да бар до, ре, ми… соль, ля, сиі.
Махаббат бар адамда, ақыл, ой бар,
Сергек ақыл жан сырын терең ойлар,
Ойсыз жанға кеудеңнен орын берсең,
Жүрегіңді алар де доп қып ойнар.
Ондайларға ежелден кеудем жабық,
Сырым жұмбақ, бір жанмын, таңғаларлық,
Жүрегімнің түбінде не жатқанын,
Кімді сүйсем, сол ғана білер анық.
Кімді сүйем! Айтпаймын. Өзім білем,
Ол түсінер мені осы өлеңімнен;
Ол бір бейне махаббат періштесі,
Қанатымен сипар деп сенемін мен

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *