СУ ЖАҒАСЫНДА

Сарғая күтіп көктемді
Сап-сары боп су ақты…
Шынтаққа алып сексенді,
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп-мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір…
Сылқ-сылқ етіп су күлді, –
Шал бір ауыр күрсінді

Қасым АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *