Аямай-ақ ақшаны

Аямай-ақ ақшаны.
Молайт нанды…
Тыңайт әлді,
Қоя тұрып басқаны.
Болса денең – бойың сау,
Ақылың сау, ойың сау.
Папиросты,
«Тентек досты»
Сиреткенің жөн болар.
Бос жүрісің,
Қыдырысың
Азар болса кем болар…
Сән болмайды көк түтін,
Әл болмайды «бір жұтым»…
Мұным шыным,
Таза сырым
Айтқаныма ұрыспа!
Істе де іс,
Аяма күш,
Тұрмысыңды дұрыста.
Тұрмыс түзер бойыңды,
Бойың түзер ойыңды.

Қасым АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *