Тулайды жүрек, туғанда айдың жаңасы,
Аулада біздің гүлдеді алма ағашы.
Бойжеткен қыздар бүр жарып сезім әлдебір,
Үңіліп соған, үздігулерін қарашы.
Осындай ағаш бар еді Тараз бағында,
Барушы ем соған сонау бір балғын шағымда.
Сол сезім бүгін, сол бір мұң… әнтек, әдемі,
Айырмашылығы – ұлым тұр бүгін жанымда.
Гүлденген шақта Таразы бақта: жоқпыз-бар,
Күз келген сосын, өткен-ді жылдар,
өтті ызғар.
Сол көктемнен соң жыр жазып кеттік көбіміз,
Сол көктемнен соң… үйленіп кеткен
көп қыздар.
ЕРЛАН ЖҮСІП