Ештеңе де маған жеңіл келген жоқ

Ештеңе де маған жеңіл келген жоқ,
Тағы да ауыр кетіп жатыр…
Хақың бар!
…Жалғыздықтан өлген адам көргем жоқ,
Өлсе өліп қалар еді ақындар!..
Ештеңе де күткен емен басқадан,
Ешкімнің де сұрағам жоқ құлдығын,
Ақын көрін терең қаза бастаған,
Өз сүйегін қазып алатындығын,
айта алмадым, жүректі езген дертімді,
жаза алмасаң, қазбау керек екенін…
Жалғыздыққа бұрын берген сертімнің,
Бәлкім бүгін беру керек өтемін?!
Өзге түгіл, өзіне өзі жат ұлдың,
Дәті барып кім қос тігер жұртына!?
..Өлі тілде өлен жазып отырмын,
Өмірімнің шығып алып сыртына…
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮСІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *