«Көкелеп» ауыл жақтан келгендерге

«Көкелеп» ауыл жақтан келгендерге,
Жас ару жүргені рас қырын қарап.
Мән-жайды ақын жүрек сезіп ерек,
Ұрымтал ұрынатын кезі керек…
Сән құрып, сылаңдаған жас аруға
Сәкеннің кісісі емес, өзі керек.
Кеңестің заң-зәкүні күшті болып,
Уәли шыға келді «істі» болып.
Бір жақтан мұны естіген Рахима,
Сәкенге салатындай тісті берік.
Басқан соң Уәлиді сары уайым,
Сәкеннің пайдаланбақ абыройын.
Қыңқылдап,
Түнемелік қол тигенде,
Айтады әкесінің халі-жайын.
– Байлардың баян қылма жат өрісін,
Қалайша қорғап қалам қатер ісін, –
Бір күні Сәкен айтты:
– Тоқтат сөзді,
Сен маған тиіп пе едің әкең үшін!
Сыйластық бұдан кейін әрі аспады,
Ақыры Уәлиге қараспады…
Енген соң үй ішіне
Есеп-қисап,
Дәм-тұзы екеуінің жараспады.

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *