Аққу құсіздей ме екен ұяласын

Аққу құсіздей ме екен ұяласын,
Сұңқылдап төгіп мендей көздің жасын.
Аққуға Әупілдек құс ұн қосады,
Әупілдеп күңіреніп көлдің басын.
Әупілдек көл астында тұншығады,
Күңіреніп көл астынан үн шығады.
Серпіліп тұншықтырған қара тұман,
Зарлыға қашан жарық күн шығады?!
Әупілдек тұңғиықты көтереді,
Көтерсе, көлді ойран етер еді.
Тағдыр да рақымы жоқ, меңіреу ғой,
Күш берсе тұншыққанға нетер еді!

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *