Көкірегімде кете барды көп жұлдыз –
Қырғыздардың қыздарының көздері.
Көкірегімде-кете барды көп қырғыз –
Күлкілері, әзілдері, сөздері.
Көкірегімде кете барды таулары,
Тауларының құздары мен шыңдары.
Көкірегімде кете барды орманы,
Бір кеудеме қалай сиып тұр бәрі!
Сырбай Мәуленов