Қызғандым сені –

Қызғандым сені –
Қызғанбай жаным тұра алмас.
Өкінтіп ішті,
Өзекке түсті бір алмас.
Көңілді көмген бұлтыңнан бір сәт айықтыр,
Көзімнің алдын тұмшалап алған тұманды аш.
Қызғандым сені
Әлі де талай қызғанам,
Жанымнан жырақ шығып бір кетсең жүз қадам.
Қызғанған сайын
Қызығым дәйім көбейіп,
Болатын сынды –
Жүрекке дауа сыздаған!
Махаббат жалына
Жаңылмай жармастым.
Тіліңнің балына
Бәрібір қанбаспын.
Кезіксем кеселге
Кезенбей қалмассың.
Шын сүйдім десем де,
Сен оған нанбассың.
Еш болып еңбегім
Кетсе де талмаспын.
Тілекке көнбедің –
Тілімді алмассың.
Өзіңді сүйгендей
Өртеніп жанбаспын.
Тау-тастан именбей
Тек қана алға астым.
Алқынып демім де,
Шарқ ұрып келермін.
Зор болып өмірде,
Қор болып өлермін.
Бір күйіп, бір ысып,
Есімнен танармын.
Намысқа тырысып,
Алысқа шабармын.
 
 
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *