Қара көзді қарындас

Қара көзді қарындас,
Қайда кетіп барасың!
Ай маңдайлы ару жас,
Жұлдыздай көз қарасың.
Қомпозитор шығарсың,
Мүмкін нәзік сезімді.
Дүние сырын ұғарсың,
Қадап қара көзіңді.
Шуылдаған, бұрқаған,
Толқын күйін тыңдайсың.
Кейде еліктеп шырқап ән,
Толқын болып жырлайсың.
Күйге салған не түрлі
Қызық-ау бұл құбылыс.
Таптырмаған секілді
Жұмбақ сырлы бір дыбыс.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *