Қарақат ағаш гүлдеген

Қарақат ағаш гүлдеген,
Гүлдері бейне көбелек.
Кестелеп неше түрменен
Жайғандай біреу өрелеп.
Аралар ұшып андыздап,
Сорады гүлден бал шырын.
Қарлы тау ғана жалғыз қап,
Жасырғандай жан сырын.
Асқар таумен айқасып,
Келеді көктем ала алмай.
Күн барады жай басып,
Алаудай, қызыл жалаудай.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *