СЫНҒАН ҚАЙЫҚ

 
Арғы бетте ол тұрды,
Бергі бетте қыз тұрды.
Күніне он құлпырды,
Киді киім жүз түрлі.
Кешкі көкшіл тұманға
Кеткенінде күн байып.
Қызметші бұларға
Болып жүрді бір қайық.
Жігіт айтты: «Ай куә
Күйдім, жандым,
сүйдім» деп.
Тіл келмей сөз айтуға
Тұрды сұлу күлімдеп.
Жылдар өтіп кетіпті,
Жатыр быт-шыт сол қайық
Көрдім жүрген жігітті,
Көрінгенге қол жайып.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *