Ол

«Болмасын, – деп, – түбінде қор»,
Істей қалсаң жақсылық.
Күндердің бір күнінде ол,
Кетеді екен қас қылып.
«Болмасын, деп, түбінде қор»,
Есіркесең ескеріп.
Ит сияқты түбінде ол
Кетеді екен көшке еріп.
Ондайларға жүре алмадым,
Бұдан былай дос болып.
Енді ойнап, күле алмадым,
Бара берсін қош болып.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *