Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Тұлпар көрсең желдей ұшып заулаған,
Сұңқар көрсең бұлтта қанат самғаған,
Менің байтақ республикам тұлпары,
Менің құсым көктің жүзін шарлаған.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың
гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл менің.
Достар келіп тірей қалса ат басын,
Қарт Алатау иіп қардай ақ басын,
Қарсы алады ашық күнмен ашып бір,
Алматының аспанының қақпасын.
Сырбай Мәуленов