Кешір, жаным!

Кешір, жаным!
Жүрдім сені кіналап,
Бұл өмірде баспас дейсің кім ағат?!
Бәрін-бәрін үнсіз ғана түсінген,
Менің жаным сендей жанға құмар-ақ.
Дерт тарай ма, сөйлемесе, демесе,
Бұлғақтаймын қайырлаған кемеше.
Білмейсің ғой, білмейсің ғой, білмейсің,
Менің кінәм сенікінен он есе!
Өзің жайлы күні-түні ойладым,
Іздемедім жанға – жара, бойға – мін.
Еске түсіп «қайдағы мен жайдағың»,
Менің сорым – соны біліп қойғаным.
Менің жаным жамандыққа сенбейді,
Жан жарасын өмір өзі емдейді.
Өзі сүйіп,
Өзі көнген жүрегім,
Енді ешкімнің табасына көнбейді!
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *