ЖҰМАТАЙ, ЖАН ЖҰМАТАЙ!

Жұматай, жан Жұматай, ақын досым,
Жыр сүйген жұртың қалай жатың болсын.
Жалт еткен қарлығаштың қанатындай
Бұл сырым саған жазған хатым болсын.
Өлеңнің жыға алмайды туын ешкім,
Бұл жолда құдіретсің – құбылыссың.
Торғайда «Жетіқыздың» ауылында
Жыланшық, Қабырғаның суын іштің.
Сол судың бірге жұттың тұнығынан,
Асылдың артық едің сынығынан.
Дүние-ай, сонда тіпті білмеппін-ау
Қасымда жүргендігін бір ұлы жан.
Сан қулар асырғанда айласын көп,
Тұлпарға таға берді таймасын деп.
Сені іздеп сәл нәрсеге тарыққанда,
Тартушы ем «Талдықорған, қайдасың?!» деп.
Жатқанда не бір қырттар пышақтасып,
Біздерге көрінуші ед ұсақ кәсіп.
Алматы. 11-ші мөлтек аудан…
Екеуміз бір қыс жаттық құшақтасып.
Өмірдің басылмайды дауы мына,
Сен мені сан шақырдың сауығыңа.
Жаз шыға желең киген жейдеңменен
Аттанып кете бардың ауылыңа.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *