Жапырақ болып жаз ұшып,
Күз келген суыт жел айдап,
Кеткенде көлден қаз ұшып,
Телмірдім тағы сені ойлап.
Неткен бір жан ең апыр-ау,
Сарғайтар саған не қылдым.
Ағашты жапты ақ қырау.
Қыста да сені сағындым.
Айырылар кездің арманын,
Айтып ек жалғыз біз желге.
Көктемнің жақын қалғанын
Сездім де шықтым іздеуге.
Жетті кеп гүлмен бір күн жаз,
Сол гүлден сені көрмедім.
Көлге кеп қонды шіркін қаз,
Бірақ сен қайтып келмедің.
Сырбай Мәуленов