Шашымның ағы –
Басымның бағы деймін мен.
Айтамын тағы
Ықылас,
Ынта,
Пейіліммен.
Сындардан өтіп
Сынбаған сағы жігітпін,
Сабаға тауып,
Еткен бір қауіп кей күннен.
Өтті ғой уақыт,
Жағадан алған
Жанға қас.
Өшіп бір жанбай
Өмірін ешкім оңдамас.
Болсаң сен білмек,
Ақ шашым менің, аяулым,
Көктемде гүлдеп
Бүршігін жарған алма ағаш.
Іргетас қалап,
Тұрғыздым талай сан отау,
Таусылмас қайрат,
Осының бәрі жан оты-ау.
Ақ басын имей
Қақпасын ашқан көңілімнің,
Түсінсең, досым,
Мен де бір жатқан Алатау.
Түссе бір көзің
Өтпейсің маған сұқтанбай.
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ