Аспан айы, кел маған 08.02.202008.02.2020 Ulagat Аспан айы, кел маған, Ажарыңды бер маған. Жаушы қар, жан баспаған, Мен ұқсайын тап соған. Жоғалмайын айға ұқсап, Ерімейін қарға ұқсап. Жастық шағым таймасын, Жүзім айдай жайнасын. Сырбай Мәуленов Просмотр: 101