АРБАСУ

 
Екі дүние арбасса,
Тіл тұтығып қалады.
Жағама аспан жармасса,
Жер етектен алады.
Сыр алдырмай келгенім
Неткен жаным сірі еді.
Жер кіндігі мен бе едім,
Көк аспанның тіреуі?..
Көз аштырмас көп үміт,
Көп күдіктен жақ ашпан.
Кетердей жер бөлініп,
Құлайтындай көк аспан..
 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *