Жалпақ жер – жалғыз ауыл боп,
Күнімді туған тойлап ең.
Сақ-сақ күліп дауыл боп,
Сахараңда ойнап ем.
Самалды өлке, сайран көл,
Аңсаймын енді жарымдай,
Алыс қалған, қайран ел,
Бұлдырайсың сағымдай.
Қайда жүйрік тұлпарым,
Тартып мінген айылын,
Қашағанды қайырған
Қайда құрық қайыңым.
Жылап қалған кетерде
Қарақат көзді қайда қыз…
Бәрін соның ұрлаған
Айтшы, маған, қай жауыз?
Сырбай Мәуленов