Он сегізде әскермін

Он сегізде әскермін,
Ростовта келемін.
Күздің желі ұшырған
Жаздың жасыл желегін.
Көзден ұшты кешегі,
Аққу-сынды айқай жаз.
Донда толқын көшеді,
Сол толқынға айтам наз.
Дабыл жиі қағылып,
Оятады ұйқымнан.
Тек түсіме енеді,
Алыстағы үй-туған.
Аптада бір келеміз,
Казармаға қонақтай.
Шығармақшы бізді Отан,
Шынықтырып болаттай
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *