Қарайлап менің жолыма
Қамқоршым болдың бір менің.
Кисетті беріп қолыма
«Есіңе алып жүр» дедің.
Білмеймін сенің арқаң ба,
Жүргенім әлі оққа ұшпай,
Кисетің жүрді қалтамда
Көк жібек баулы ақ құстай.
Кеудеден отым бір сөнбей
Келемін әлі түтіндеп.
Болмаса досым бір сендей
Қояр ед оқтар түтіп жеп.
Сырбай Мәуленов