Астанаға 15 жыл

Он бес жыл –
Бұл далаға мен келгелі.
Он бес жыл –
Гүл қалаға мен келгелі.
Еркім
жоқ,
Дертім көп боп жүрген кезде
Ауаңнан
Дауа таптым емделгелі.
Он бес жыл –
Есігіңе ендіргелі.
Он бес жыл–
Есіміңді ел білгелі.
Он бес жыл –
Саясаттың тоңын бұзып,
Есілдің көк мұзымен сең жүргелі.
Атқаны
Азаттықтың
Анық таңы,
Он бес жыл –
Жағдайыңды жан ұққалы.
Он бес жыл –
Алты Алаштың атын атап,
Ел-жұртың есіміңе қаныққалы.
Еңбегің
Он ғасыр ма,
Бес ғасыр ма,
Әйтеуір, сен келесің көш басында.
Асырдың
Айбарыңды
Аймағыңнан,
Қалдырмай
Қалалардың басқасында.
Эйфель
бар,
Елден ерек мұнара бар,
 
Бас иіп
Француздар тұра қалар.
Көрсетіп сүйіктінің
Биіктігін,
Әйтеуір,
Мақтануға құмар олар.
Әр елдің перзентіне парыз болар,
Ертегі,
Елден ерек аңыз болар.
Білмеймін,
Бәйтерегі болмаған соң,
Біздерден төменірек тәрізді олар.
Болғанмен неше мекен, нешеме жер,
Айтқаным барған сайын еселенер.
Тамырын
Туған жерден тартқаннан соң,
Бәйтерек
Бірте-бірте өсе берер.
Болды деп таңданбасаң
Қайдан Алып?!
Қаланы қанатына байлап алып,
Көміліп көк сеңгірдің мұнарына,
Бір күні тіреледі Айға барып.
Мұндайға жолығады мыңның бірі,
Әлдилеп
Ән әуені, күй күмбірі.
Сонан соң
Шуағына шомылдырып,
Тұрады Астананы
Күннің Нұры!
 
 
 
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *