АСТАНАҒА 15 ЖЫЛ

Айтсаңшы!
Күн керек пе,
Ай керек пе?!
Жұлдызы жыпырлаған жай керек пе?
Тұрған соң
Көк сеңгірдің құшағында,
Ештеңе жетпейді енді
Бәйтерекке!
Болмысы –
Бүкіл дүние,
Аспан-әлем.
Алмайсың теңестіре басқаменен.
Түбінде іргесіне құт боп қонған,
Оянар құштарлығың
Тасқа деген!
Астана салу қандай жүректілік,
Кірісу оған және білек түріп?!.
Түбінде келер ұрпақ алғыс айтар,
Маңдайын
Іргетасқа тіреп тұрып!

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *