АЛАТАУҒА

 
Жауыннан шөгіп қалмадың, жасыннан өліп,
Ұшарың сүттей, бауырың жасылға бөгіп.
Үлегі-ай жердің, қарайсың үшен шалдардай,
Туажаттарынан бейтаныс ғасырға келіп.
Халық жоқ барлық халықтың халқынан ұлы…
Әйгі етсең де болады жалпыға мұны:
Атырау – Алтай арасы-ай! Аумағы-ай жердің!
Алтыдан бірдің – біздің жер – алтыдан бірі!
Зымырар ма еді конькидің байлап ап бірін,
Сүрініп кетіп бабы жоқ жайрамақ па ұлың?
Айтып жүр әлем газеті Медеудің мұзы,
Тайғанақ мұздың бәрінен тайғанақтығын
 
Жұматай Жақыпбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *