Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Тұйықталып біржола
Адырын жан баспаған.
Сусыз, нусыз, қу дала
Ұйқыдан көз ашпаған.
Асуы алпыс шақырым
Жоталы адыр, жолы ұзақ.
Жалап жалаң тақырын
Соғатұғын аңызақ.
Жаңа өмір – жаңа адам,
Қолқасына қол салды,
Қан тамырдай тараған,
Тұс-тұсынан жол салды.
Бұлтқа ұласып адырда,
Будақтаған шаң қалды.
Арыстандай арынға –
Арыстанбай таң қалды
Сырбай Мәуленов