Қаржаубай Сартқожаға

О, Аңыртасым!
Мына ғалам таңдансын, таңырқасын.
Көк ала Орхон көйлегін
Көгелдетіп,
Көкжиектен көтерсін таң
Лыпасын.
Беу! Аңыртас-бауыртасым
Жүрегімді жылатып,
Ауыртасың.
Барығыңда баһадүр батпан
Сылап,
Сауырыңа жазыпты дəу
Ырқасын.
Алачу хат, нəн бекет
Жаралы Алаш
Жозатаққа тамған сүт, қан аралас.
Бақатақтың үстінде бірлік
Жатыр.
Төбесі көк…
Төрі нұр…
Араны ағаш…
Жолы бəдіз…
Жозы үн,
Көрі мірлі Үй…
Бөрі қаған тіл қатқан
Бөрі-қырғи
Алты Есір, Он оқты, Отыз оғыз…
Қобыз үні аңқыған қорымың күй.
Жарқан…
Тарқан…
Тутұғыр…
Құмдағы ұғым
Ми ішінде сілкінді мылжа ғылым…
Кəрі Орхон тулап кеп
Бетін ашты,
Күлтегіннің ең соңғы жұмбағының…
* * *
Жуып жайған ескі көйлек
Оңыпты.
Сəнді бедер күз келерін
Соң ұқты.
Биылғы жаз…
Кер биеден қоң ықты.
Паң даланың
Маң келбеті солыпты.
…Кенже құлын тоңып тұр?!
* * *
Аяғымды етік қажап,
Баяғымды ой қажап.
Іңірінде қамап қойды,
Қамап қойды Азап.
Жалаңаяқ жорту керек…
Жаңа жауған күртікке,
…Ой, керемет!
…Ой, тамаша!
…Ой, ғажап!
Беті секпіл қар жатыр,
бел демалып.
Зəулім шынар төбесін көлге
Малып.
Көш жүзеді түйенің
өркешімен
Көк күмбезі көңілсіз
Өлген алып…
Жел үреді, тау жақтан,
Жел үреді.
Жел ысқырса ақ бозым
Еліреді?!
Беу ақбоздың апайтөс
Сауырындай
Еңсесі кең ен жайлау
Керіледі!
Көш жүзеді түйенің
өркешімен.
* * *
Бір күн қайтты, бір Күйдің
Күмбірімен
Құлағымда əн қалды…
Сан мың ұшқын шашырап
өлең келді.
Таңмен тұрып тамаша
Сіңбіріп ем.
Өлең кетті күл қылып
Күллі үнімен.
Дала көшті мың түрлі
Қыр гүлімен.
Қала көшті бір түрлі
Тұрғынымен.
Бір күн қайтты…
* * *
Шеру кетіп барады
Тыржалаңаш…
Айқайлайды аяғы сынған ағаш?
Қызықтысы — кешегі мырза аға Мас.
Қызықтысы — бүгінгі мың қазан аш.
Улыға ықтап, сарғайған
шулыға ықтап.
Мейлі… дейміз
Жөтелге булығып қап…
* * *
Ар тұралап…
əрең келем ат өліп
«Мұрат» – деген осы ауыл ма?
Мə…
Тегі…
Уһ!…
Əрең жеттім «Əкесінің ауызын»
Есалаңдай ирелеңдеп
Сау ізім.
Неліктен біз тезге салдық
Уақытты?
Ар тұралап, зорға жеттік
Ат өліп,
Мұратты іздеу:
Қандай ғажап қателік…
«Мұратына жетпегендер бақытты» –
Бұл – уақыт мəтелі…
 
 
СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *