Көңіме арбалам қырдағы
өңімді сағынам.
Саулаған бұлдырық ұшады
Тырнаның ізіне шырмалып.
Əлсіз ғасырлар былдырлап
тіл қатқан
Жерошақ табынан, кəрілер ізінен.
Құздардан жұққандай тəкаппар жүзінен
Жолдардай мың қатпар
Ішіне сақтаулы ғұмырлық сипаты
Тірлігі баяғы, көңілі құндақты.
Жаныңды ұйытатын
Ғажайып жұмбақтар.
Мəңгілік асқақ тұр
Шағындау шағылдар.
Бергісі Эверест, арғысы – Жер жүзі;
Айналған меңге өшкін лағылдар
Теңтессіз құбылыстар.
Кері қызыл жанартау – жарақат,
Аялы қарақат,
Баяғы құмырсқа…
Көзімнің жасында мөрдей ой,
Белгім де.
Торғайлар ойбайлап қасымда
«Қош – аман келдің?»- деп.
Бусанған далада
Ашқарақ қисын бей,
Жусанның жиегі.
Сауыры терліктің иісіндей,
Саумалды – Күнгейім киелі.
Түсіме жүруші ед жиі еніп.
Тұрмыз біз тұманның мүйісінде
Жартасқа маңдаймен сүйеніп.
22.10.2010
Ағам қайтқан сұлық таң,
Маған мұңын жайды ымдап
Ат су ішті тұнықтан,
Шеңбер сызып айдынға ақ.
Ести ме екен зейіні,
Көрер ме екен бұл өңді ол.
Өткелге кеп иіліп,
Басын тықты жылан жол.
Шидің басы сабалақ,
Саздың беті ұйқылы,
Көкке ілінген шағала
Ақша қардың қиқымы.
Таныс еді барлық таң,
Бүгінгіні күтпеп ем.
Күйсеп тұрған сарлықтан,
Күрпілдейді сүтті өлең.
24.10.2010
— сарлық-қодас
Теңіздің көк бет толқыны келіп,
Жуады жалаң аяғым ізін.
Даланың қолтығына еніп,
Ұлиды жүдеу аялы жүзі.
Толқындар жырлайды теңізгі ащы үн,
Өлген таулар тырнайды сөнген теңіздің астын.
Толқындар тасқын, мөп-мөлдір бөрте шілде іші.
Жағалау кешіп, көшіп жүреді
көсік күнге мінгесіп.
Жетім шағала безілі бесік жыры еді,
Шарлаған тұтқын шыңдардың жүлгесін.
Теңіз етпеттеп сүзеді еге дала іргесін,
Бақаның аузында өрнек-балшық ашылды.
Жұлдыздар адасып қонады түнде,
Тасқа түнеген қаршыға сынды.
Қонады ұшқындар мүлде
Кетік өлеңдей.
Тəңір қол созым нұрдан шаршыға сіңді.
Шетінен сетінегендей.
Бұлттар айдың бетімен би билеп, шығыс батысты
шашады тізесімен илеп.
Дала жүдеулеу, жылы аялы жүзі
Теңіздің көк бет толқыны –
Жуады жалаң аяғым ізін.
Ұзап кеткен күндерімді қуалап,
Өкпем қара қазандай.
Ішкі тысым, ішірткілеп дуалап,
Байлап қойған ғазалдай.
Жолдарымды жұтып жатыр қатпар қыр
Кеудешемнің түймелерін ағыттым…
Көл шетінде шыбындаған аттар жүр,
Шуағындай шабыттың.
Енесіне еркелеген құлынның,
Жалын үрлеп тау іші.
Самайымның ағына кеп ілінді
Сағыныштай қоңырқаздың дауысы.
Жігеріңді қайра осылай
керең Ес!
Нажағайдың ұшқынынан ал қиып
Өлең деген – өлең емес ерегес,
Арғымақтың ізіндегі сан қиық.
Күдер үзбе сен пырақсың, бостансың
Ой – жер жүзіндегі кенің
Төне берер дұшпаннан кек, достан сын
Қайта оралуымен сенім!
Қаңғыбас ізден сескенген құстар,
Мешіт мұнарасына малдас құрады.
Бұрымы бурыл талдарды қыстап,
Аспанның албастылары.
Кешегі кереметтерден қалғаны із бүгін,
Көне кент пен кешен үлгісі.
Алжастырады жалған ұғымың,
Жалған ұғымың – кешенің құны.
Умаждап лақтырған хатта,
Уайым тұтқан жүзімнің қаны.
Мəңгілік дүние боқтығын ақтап,
Қаңғырып солай жүзің былғанып.
Кірпікке ілулі ғаламды нəр ғып,
Қарша борайсың тəңірің жадау.
Лайсаң жолдарда құлайсың тарығып,
Жылайсың жұлыс, тамырыңда дау.
Құлайсың солай əмірмен тасқа құлайсыз,
Бұрдыққан бала киіктей.
Құлқыңда жайсыз сұрықсыз аспан айсыз,
Шырағдан шала жанады, шала биікте.
…Ей!
СҰРАҒАН РАХМЕТ