Аяз деген – ең керемет
түзгі іспар
Тереземе өрнек салды
Күзгі үш қар…
Беу қараша,
қайран желді
қаймақты.
Зəрлі аспанда қалқақтады
«қызғыштар».
Аяз деген – ең ғажайып
Мұз құстар…
Сансыз өлең,
Қисапсыз əн –
Жүз мысқал.
Айқайлайды сайдан
соққан
Із…
Қысқы əр…
Ай бетінен жерге
тамған
«қызғыштар»…
11.02.2007
Мұң Қарасу,
Мың үйрек, құрақ аумақ,
Бүйірінде Бүркіттің
қыран аунап…
Шыңның күміс төбесін
Желпіп қойып
Уыс бұлттың
Жиегі тұр алаулап.
Ала мұзарт, Ақзеңгір
Жалғыз өңді.
Ай табанын тірейтін
Мəңгі үзеңгі.
Менің мұңлы жырыма
Үн себеді.
Кең жағалы зерең көл –
Шалғы жеңді.
Алақанында айналып
Сан жүз өңнің.
Нəн түземнің күшімен
Сəл түзелдім.
Бөктерде өскен ерменнің
əнін тыңдап,
Жағасынан Бұлғынның
Жалбыз емдім.
СҰРАҒАН РАХМЕТ