СЕНЕН…

Жанымен сезінер ғаламның өлең-дастанын,
Санама көтерген жерің кең, көлемді аспанын.
Даланың үнімен қаламым жортады, əнімен жаныммен,
Сөнемін қас қағым.
Алмаған басқадан қол ұшын, таңдаған тон ішін,
Қазақтың қайғысы – соғысым, қонысым;
Сол үшін – сенен басқамын бауырым.
Сан қилы баста мұң, діңімде сау ырым,
Шыныммен таусылам түнімен тамшылап,
Тұнатын таң шығы жаралған тамшыдан дəуірім,
Белдерден асқамын сан ғұмыр қаңсыған,
Сол үшін – сенен басқамын бауырым.
Тəніме таңбалап мың сырлы баспа ығын,
Жібінде өрілген мың түрлі таспаның.
Түбіме жететін жегі кем – борышым;
Сол үшін – өзіңнен басқамын бауырым.
Көзімде аулағам мекиен сор ішін,
Көтеріп қайысқан көкөрім жауырын,
Гүлдерден жан сұрап…
Жырымен аршыған
жылқының сауырын.
Нəр алған парсыдан сан ғасыр – сау ұғым;
Сол үшін – сенен басқамын бауырым.
 
Ойын өмір. Теріс көштік… Оң көштік…
Миымызды қырқып түсті соңғы өштік.
Қарашірік қаймағы май сайда емес,
Қайдағы бір қасат-қасат тоңда өстік.
Аязға ықтап, тамыр терең сіңбеген,
Таяз жерден нəр келеді дінге кем.
Көштің жолы көп-көп айшық, жүз өрнек,
Бара жатыр көктем қайтып… Күз өрлеп…
Ор шудасы орқаш-орқаш шыңды орап,
Бұлт шөгеді бұйра жонға тізерлеп.
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *