МАШАҚАТЫ КӨП КҮНДЕР Доңыз жылғы көктем

Сайын сағым – самал кешкен
Сары елік,
Жатыр дала мың əуеннен
нəр егіп.
Көкше мұздың көк бетіне
Тамады,
Аққулардың қанатынан
əн еріп.
Мөңкіп аққан бастау беті
Мың іртік,
Мешел талдар кемсеңдейді
сіңір түп.
Қоңыр қаздар жұп боп
ұшып келеді,
Жұмекеннің қоңыр үнін
Шұбыртып.
Өлкетану үйі сынды
Көлемім,
Көр тірлікті тірілтеді
Бəлек үн.
Сал қайыңдар жас моншағын,
Іркіп ап,
Жатқа айтып тұр Төлегеннің
өлеңін.
Құла дала төсі толы
бесік жыр,
Құлағыңды қытықтайды
не сыбыр?
Махамбеттің «Қызғыш құсы»
шырылдап,
 
Мұқағали Қарасазын
кешіп жүр.
Еске құйып кетер менен
Өтерді,
Есіл көктің жиегінен
от өрді.
Жан дауысымен: «Дала, дала,
дала» деп,
Сағи ағам жерден басын
көтерді.
 
04.01.1995

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *