«ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЛАҒЫЛ ЕЛЕСІ» ЖИНАҒЫНАН..

Сен маған неге,
У сіңген көзбен қарайсың?
Қарайсың, сосын,
бастағы қанға тарайсың.
Қабағын түйген қап-қара ойға
үңілсем.
Масқара түнге малшынған майда
арайсың.
Қыршынды қидың қыл бұрау арқан
салдың да.
Мұң жанып жатыр Мұқандар өлген
шалғында.
— Кісімін десем…
— Жылқысың дейсің … Ендеше:
Мінетін болсаң кісінеп тұрмын
алдыңда.
* * *
Қыс көзі қырау, жел есті
Қиын қиыннан.
Албасты үрікті, ырыстар ықты
Тыйымнан.
Ұясын бұзды-ау ұшынған
ойлар ақыры,
Қи сасып тұрған қып-қызыл
шикі Миыңнан.
Шолақ тай міндің шоқиып
оның іш қанын…
Көрелік сосын заманның
Іспар Тышқанын.
Жетісіп жүрмін дейсің бе,
 
Сорлы, жетісіп?
Тырнақтың кірін жедің де
қайта құспадың.
Меңсіз де меңсіз, даласыз
туған меңіреу
Кəсібің сенің ірің жеп һəм еңіреу.
Өз басын өртеп құл болған
Күнсіз күстана,
Көзіңді түртті-ау сөзімен жерік
Не біреу…
Жалғанда мынау масылдар-
асыл, ақын ақ.
Ермек қып кеттің есектің
артын бақылап,
Қаймана саған қатқылдау
жүзін бұрып тұр.
Айнаға қара ақымақ!
 
1998 жыл

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *