Қайран көңіл

Қайран көңіл!
Құмарыңды
қандыра алмай жүрмін мен,
қайда барып құларыңды,
тынарыңды кім білген!
Айналаңды жаратпастан
асау өскен ерке едің,
алды-артыма қаратпастан
алып қаштың, өртедің.
Қыз-қыз қайнап, жанып, ысып,
қайда бетті бұрмадың,
жолдағының бәрі ығысып,
жұлқынып-ақ тұрғаның.
Қары да бар,
зары да бар,
жары да бар жолда бұл,
қиқаңыңды қағып алар
қиындықтар болды ауыр…
Кетті ме елге көп үлесің, –
жүрсің бе әлі жасып кіл, –
елігесің, желігесің,
төгілесің тасып бір.
Бұған да әлек,
оған да әлек
қайран көңіл…
Кім білген? –
мертіктіріп алам ба деп,
құрақ ұшып жүрмін мен
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *