ТАСЫМА, БАТЫР, ТАСЫМА

Тасыма, батыр, тасыма,
Тасыған жетер басыңа.
Түнере берсең түксиіп,
Кім келеді қасыңа?
Ақшаңды берсең, дос-жарың
Қас болады дұшпаныңа.
Жақсылыққа қуанып,
Қиындық көрсең жасыма.
 
 
 

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *