НЕ ЖАМАН?

– Біріншіден не жаман?
– Құр бекерге долданып,
Ашуланшақ болса, сол жаман.
– Екіншіден не жаман?
– Көрінгенге жалпаңдап,
Жағымпаз болса сол жаман.
– Үшіншіден не жаман?
– Ағайынды өсектеп,
Сүйреңдеп жүрсе, сол жаман.
– Төртіншіден не жаман?
– Жауға жанынды берсең де,
Сырыңды берме, беріп қойса,
Сол жаман.
– Бесіншіден не жаман?
– Ел үмітін ақтамай,
Тиянақсыз болса, сол жаман.
– Алтыншыдан не жаман?
– Ер атағын ел сақтайды,
Елі сыйламаса, сол жаман

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *