Жігіт көңілін кім ашар?

– Басқа қонған бақ ашар.
Алма мойын, қиғаш қас,
Жарқылдап күлген жар ашар.
Қызыл гүлдей жайнаған,
Секіріп үйде ойнаған,
Тілі тәтті бала ашар.
Ит жүгіртіп, құс салса,
Жорға менен жүйрікті,
Жетектеп мінсе сол ашар.

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *