ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ?

Бұл дүниеде не жетім,
Санай берсең көп жетім.
Үйрек, қазы болмаса,
Айдын шалқар көл жетім.
Елі қаптап қонбаса,
Бетегелі бел жетім.
Ұлығы әділ болмаса
Болады байтақ ел жетім.
Өз ақылы болмаса,
Айтқан тілге көнбесе,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Замандасы болмаса,
Жастың қалса ішінде
Кәрия болар сол жетім.
Жаман болса алғаның,
Қатарыңнан қалғаның.
Алып тұрса бетіңнен
Өмірі болар ер жетім.
Көргені бар қыпша бел
Жаманға барған – сол жетім.
 
 
 

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *