Көтеріліп қалсын бір мерейің де,
Жаным, саған жыр оқып берейін бе?
«Өлең деген өсекші жұртқа жаяр»
Жасырғаным бар еді көмейімде…
Айта алмай-ақ жүр едім,
Небір келіп,
Өлең оқып…
Көрейін жеңілденіп.
Даусым жетіп жатар-ау құлағыңа,
Көмейімде қалғанын…
Көңілмен ұқ!..
Сәкен Иманасов