ҚАЙТАРМЫЗ ҚАЗАҚСТАНҒА

Қайратты күш шыдатпас,

Шығар жаудың талқаны.

Қайтармыз Қазақстанға,

Аралармыз Арқаны.

Құдіретті күшімен,

Құрар жеңіс салтанат.

Қалған біргежа бырқап

Күлер қайта махаббат.

Топырағында туған жер,

Аунап-қунап жатармыз.

 Көкорайлы көлдерден,

Кегер үйрек атармыз.

Астымызда жүйрікат,

Шапқылармыз зымырап.

Асқартауға шығармыз,

Бұлтымен бір бұлдырап.

Қайратты күш шыдатпас,

 Шығар жаудың талқаны,

Қайтармыз Қазақстанға,

Аралармыз Арқаны.

  1. Волхов майданы

С. Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *