Қөк аспанға көз тігіп,
Ай нұрын амалынып.
Жапырағын қайыңның
Жатырмын мен жамылып.
Жарқырайды жұлдыздар,
Жамырайды жас орман.
Күрсінеді көк өзен
Жанарынан жастамған.
Жарығында жанған от,
Көзін алмай бір хаттан,
Отыр жалғыз оңаша,
Ойға шомып солдатжан.
Туғанелдіңсəлемін
Кім жіберген хатқа орап.
Солдат ойы алыста,
Солдат ойы шартарап.
Көк аспанға көз тігіп,
Жапырақты жамылып.
Солсолдатқа қараймын,
Мен де сəлем сағынып.
- Волхов майданы
С. Мәуленов