КӨКТЕМ

Көктем, сен бір əсем əнсің,
Қиялсың сен шарқ ұрған.
Тамырымда асау қансың,
Жүрегіме тартылған.
 
Сілкініп бір оянамын,
Аспандағы жарқылдан.
Дүркірейді сая-бағым,
Самал соқса əр қырдан.
 
Көкірегімді жұпарға орап,
Жусан иісі аңқыған.
Ағыл-тегіл төгіліп ап,
Бұлттар маңғаз қалқыған.
Мені ойға батырды
Сан қуарып, сан туған –
Қарт еменнің жапырағы,
Жарық нұрға талпынған.
Самарқау мен жүргенімде,
Салқын көңіл, салқын қан.
Сағындырған күндерімдей
Жеткен қуып артымнан –
Көктем, сен бір əсем əнсің,
Қиялсың сен шарқ ұрған.
Менің жастық жамалымнан,
Аумайды екен бар тұлғаң.
4 сəуір 1991 ж
 
 

Мұрат ШАЙМАРАН

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *