Кейде осы тасып-тасып неге бекер

Кейде осы тасып-тасып неге бекер,
Кетемін арын жоқтай менен өтер?
Дарын жоқтай көрініп менен басым,
Сарын жоқтай басқа бір елең етер?
Жатқандай көмейімнен ән бұрқырап,
Тапқандай кеудемнен кеп жаңбыр тұрақ.
Кетердей боламын-ау дауылпазша,
Әлемді асқақ үнге жаңғыртып-ақ.
Тынбастай жолдағыны үріп өтпей,
Бойымнан ожарлықтың міні кетпей.
Жүретін шақтарым бар, өзіме өзім
Көрініп қаяусыз бір құдіреттей.
…Кей-кейде іштей ғана тынып бөлек,
Көңілде үміт те көп, күдік те көп.
Өзімнен өзім жеріп қалам неге,
Дарынсыз, жалынсыз бір жігіт пе деп?…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *