Жастығың өтіп барады-ау…

Жастығың өтіп барады-ау…
Теріліп бітпей гүлдерің.
Өріліп бітпей бұрымың,
Бақыттың кешіп бір көлін
Татып та көрмей шырынын.
Сүйікті болып бір көрмей,
Сүйіп те толық үлгермей.
Айнала қарап алғанша
Ағып бір өткен күндердей,
Жастығың өтіп барады-ау!…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *