Жалынды жүрек лаулайды

Жалынды жүрек лаулайды,
Жанымды бір сәт өртеп от.
Көңілім көлден аумайды,
Құсы ұшып кеткен ертерек.
Нені іздей берем, нені іздей,
Арманның қайда ақ таңы?
Көкірегім терең теңіздей,
Тебіреніп күнде жатқаны…
Оң-солға кезек бұрылып,
Жоқты іздей берем, жоқты іздей,
Алдымнан қашқан бір үміт,
Жеткізбей қойды-ау, жеткізбей!..
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *