Бір таудан соң бір тау бар

Бір таудан соң бір тау бар,
Бұлттар тұрған жасырып.
Шырқаудан соң шырқау бар,
Бұрынғыңнан асырып.
Қуат барда көрейін,
Тауды үйіріп ұршықтай.
Шырқап-шырқап берейін,
Үн шықпайды… қырсықты-ай!
Енді қайтем? Көнем бе?
Кеткенім бе жанбай қап.
Қыза-қыза денемде.
Бара жатыр қан қайнап.
Түсім бе бұл? Апырмай!
Түсінбедім, иншалла!
Нажағайша шатырлай,
Жанып барып тынсам ба?!
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *