Қасқабас пен тамшы

     «Искра»совхозының директоры Михаил Иванович Орлов iрi денелi, қасқабас  кiсi  екен. Сол  совхоздың  Қызылұйым бөлiмшесiнде Баянғалимен кездесу болады. Өлең айтып отырған ақынға бiр кезде халық: «Моншамыз нашар, соны бастықтарға өлеңменайтсаңыз», –депөтiнiш білдіреді.Сонда ақын:

Бастықты моншаға алып бару керек,

 Жабылып сыпырғышпен сою керек.

Төбеден тамшылаған ыстық тамшы

Орловтың жалтыр басын ою керек!–дегенекен. Бұл сөздi түсiнген директор: «Будет баня, будет»,–дей берiптi, күлiп.

                        Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *