БІРЕУГЕ

 
Атақ бар сенде, бар байлық,
Сөз емес талант, дарындар.
Сөзіңді сөйлеп, дардай ғып,
Жүретін адамдарың бар.
Құлатып кетсе мезгіл кей,
Қайтадан тұра қаласың.
Біздерді тіпті көзге ілмей,
«Биіктей» түсіп барасың.
Өзіңнен ептеп төменге,
Қоладан құйған бір мүсін.
Мансабы биік көп елге,
Үлкен де болсаң, құрбысың.
Алдыңа бару – сын нағыз,
Сен ұққан істі «ұқпадық».
Артыңнан қарап мұнда біз,
«Қызығып жүрміз сұқтанып».
…Өзімді саған тең көрмен,
Тапқам жоқ атақ от тілден.
Мансапқа мынау сен көрген,
Жете де қойған жоқпын мен.
Ішің бір аяз, сыртың – от,
Білмейсің оны мін деп те.
…Ей, өмір, сенен бір тілек:
Соларды маған күндетпе!
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *