Шейхтың сыйлығы

1998  жылдың  шiлде  айында  Бiрiккен  Араб эмираттарынан

шейх  Наиф  Мұхаммед  Көкшетауға  келедi. Алыстан  келген құрметтi  меймандарды  Бурабайда, Абылайхан  алаңында  ата дәстүрiне сай өлең-жырмен қарсы алған Баянғали араб-қазақ достығы, мұсылман елдерiнiң ынтымағы жайында толғайды.

Сыйынып жаратушы бiр құдайға,

Хош келдiңтеңдесi жоқ Бурабайға.

Жерiнен пайғамбардың сәлем әкеп,

Рахмет, құрмет қылсаң Абылайға!

Жолына тосқауыл боп ұшынғанның,

Дұрыс қой, достық қолды ұсынғаның.

Сыйласып, ынтымақпен өсе берсiн,

Баласы ғаламдағы мұсылманның!

Ақынның бұдан да басқа әзiлдеп айтқан бiраз өлеңдерiн Эко-логия министрi Серiкбек Дәукеев мәртебелi мейманға ағылшын тiлiнде аударып берiптi.

Аттанарда ақынға ризашылық бiлдiрiп, «Шүкрән!»(«Рахмет!») деп қолын алған шейхбiр мыңтшвейцар франкiн сыйлаған екен.

Б. Әлімжанов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *