Қызыма Ақкенже тұрмысқа шыққанда

Сүйемін десең еліңді,

Киелі туған жеріңді,

Боламын десең аяулы,

Алдымен сыйла еріңді!

Ардақта ата-енеңді,

Айрықша бөліп көңілді.

Батамен,балам, көркейіп,

Бөлей бер әнгеөмірді!

Құлпырар гүл де бөктерде,

Нәр алып жасыл көктемде.

Әйелсіз ер де бір ғаріп,

Еркексіз әйел көктер ме!?

Мақтауға мас боп, тасыма,

Жан-жарың барда қасыңда.

Аялап сүйсе, асқақтап,

Еріңнің шықпа басына!

Әжелер көкке өрлеген,

Бетіне ердің келмеген.

Алыстан көрсе, бөгеліп,

Жолынан өтіп көрмеген.

Бес жасар ұлдың алдында,

Дәмге де бата бермеген.

Аталық рухты сыйласа,

Кем болып содан өлмеген!

Дүние тәтті адамға,

Дәмінен алда дәме мол.

Көнеден қалған өнеге,

Болсын де ұзақ кәде жол.

Азаматыңды сыйлауға,

Аяулы қызым, уәде бер,

Әспеттеп әулет өсіріп,

Әулиедей әже бол

 

                                      Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *